Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«MAGNUM»-НЫҢ ЕТ ЖӘНЕ ШҰЖЫҚ ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

halaldamu.kz 01.10.2021 3543 0 пікір
«MAGNUM»-НЫҢ ЕТ ЖӘНЕ ШҰЖЫҚ ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Еліміздегі ең ірі сауда орны – «MAGNUM CASH & CARRY» супермаркет, гипермаркет және шағын форматтағы дүкендеріндегі ет және шұжық сататын орындары «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. 

Республика бойынша қарқынды дамып келе жатқан «Magnum Cash & Carry» сауда орталықтарындағы ет және шұжық сататын орындарды "QMDB HALAL" стандарты бойынша сертификаттаудан өткізуге кәсіпорын тарапынан ұсыныс түскен болатын. Сол себепті, еліміздің 10 ірі қаласында орналасқан «Magnum Cash & Carry» сауда орындары 6 ай бойы үздіксіз тексерістен өткізілді. Сарапшы-аудиторлардың кезекті және кезектен тыс тексерісі шикізат пен тағамдық қоспалардан бастап, өнімді сатуға дейінгі сатыларды түгелдей қамтыды.

«Сауда орны қызметкерлері мен сатушыларына «QMDB Halal» стандарты бойынша онлайн және офлайн форматта оқу-семинарлары жүрізілді. «Magnum Cash & Carry» сауда орындарында сатылатын ет және шұжықтар «Халал Даму» бақылауындағы қасапханалар мен шұжық цехтарынан жеткізіліп, «QMDB Halal» таңбасымен жеке сөрелерде сатылады. Ал, «QMDB Halal» таңбасы жоқ шұжық өнімдерінің халалдығына жауап бере алмаймыз. Басшылықтың тікелей бақылауымен жүргізілген бақылау-қадағалау барысында «Magnum Cash & Carry» сауда орындарындағы ет және «Халал Дамудан» сертификаттаудан өткен шұжық өнімдерінің жеткізіліп-қабылдауынан бастап, сатылуына дейінгі барлық кезең «QMDB Halal» стандартына толықтай сәйкестендірілді», – дейді «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы.

Еске сала кетейік, «Халал Даму» мекемесі Қарағанды қаласынан басқа, еліміздің барлық өңіріндегі «Magnum Cash & Carry» сауда орындарындағы ет және шұжық өнімдері «QMDB Halal» cтандартына сай сертификатталғанын хабарлайды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру