Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Талдықорған: Жас имамдарға арналған семинар өтті

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 29.09.2021 2420 0 пікір
Талдықорған: Жас имамдарға арналған семинар өтті

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша Жастар ісі секторының ұйымдастырумен «Жас мұраты, білім, тәлім – талабы...» тақырыбында өңірдің жас имамдарына арналған 1 күндік семинар-тренинг болып өтті.

Шараны өңірдің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы бастап берді. Ары-қарай семинар-тренингті Zoom қосымшасы арқылы ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Әділет Көпен жалғады. «Сөз сөйлеу мәдениеті» тақырыбында облыстық пікір-сайыс одағының төрағасы Ержан Жанатұлы мен өңірдің Ихсан бағытына жауапты имам Мұхаммед Ордыбайұлы сөз қозғады. Ал облыстық дін істері басқармасына қарасты орталық басшысының орынбасары Жаңабай Сағыныш «Ғаламтордың діни тиімділігі» жайында қатысушыларға құнды ақпарат берді.

«Шараның – мақсаты діни қызметтегі жастардың қоғамдағы ойлау шеңберін кеңейту, заман талабына сай ақпараттандыру. Сөз сөйлеуші баяндамашылар тыңдаушыларға жан-жақты ақпарат беріп, қазіргі таңдағы құнды контенттермен бөлісті. ҚМДБ Жастар ісі секторының тапсырмасымен өткен 1 күндік семинар-тренинг алдағы уақытта дін қызметкерлеріне керек дүние екендігі және пайдалы екендігі сөзсіз» дейді ұйымдастырушылар.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру