Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: Қасапшыларға сертификат берілді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 27.09.2021 1969 0 пікір
Ақтөбе: Қасапшыларға сертификат берілді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде 4 қасапшыға халал стандарттау бойынша сертификат тапсырылды.

Арнайы сертификатты Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламов Жанпеисов Сағидулла мен Жанпеисов Нұрланға, Көпбергенұлы Арман және Аккулов Абилтайға табыстады.

ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі өңірдегі кәсіпкерлерге «Халал» сертификатын алудың маңыздылығын барынша насихаттап, осы бағытта нәтижелі іс-шаралар атқаруда. Жүйелі түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде Ақтөбе облысында «Халал» мәртебесіне ие болған кәсіпорындар мен қасапшылар қатары ай санап көбейіп келеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру