Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алматы: Кәсіпкерлерге арналған семинар өтті

halaldamu.kz 24.09.2021 2689 0 пікір
Алматы: Кәсіпкерлерге арналған семинар өтті

Алматы қалалық орталық мешітінде өңірдегі кәсіпкерлердің қатысуымен «Нәсіптің кілті – адал кәсіпте» тақырыбында оқу-семинары ұйымдастырылды.

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының төрағалығымен өткен семинарға бас сарапшы технолог Айжан Омарова, технолог Айзат Сатаева, инспектор-контролер Маратхан Чадаев пен жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

Оқыту барысында шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы жөнінде түсіндірген Айбек Асқарбекұлы: «Алла Тағала адамзат баласына көл-көсір нығметтер беріп, жер бетіндегі халал мен харам нәрселердің ара жігін ажыратып көрсеткен. Алла пендесі үшін нені халал десе, ол сырда қайыр мен хикмет бар, ал нені харам десе, онда адам ғұмыры үшін ұшан-теңіз зиянның бар екендігі күмәнсіз. Осы турасында Құран Кәрімде: «Уа, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!», «Аллаһтың өздеріңе халал әрі таза етіп берген ризықтарынан жеңдер!» делінген», – деп халалдың салмағы мен маңызы жөнінде мағұлмат берді.

Технолог мамандар халал өнімдер технологиясы мен стандарт талаптары, «QMDB Halal» сертификатының артықшылығы мен ерекшелігі, зертханалық тексерістің маңыздылығы, тағамдық қоспалардың өндірісі жөнінде баяндады.

Семинар соңында, кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, Айбек Асқарбекұлы кәсіпкерлерді халал индустриясын дамытуға ат салысуға шақырды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру