Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Өскемен: Шекара шебінде мешіт бой көтереді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 23.09.2021 528 0 пікір
Өскемен: Шекара шебінде мешіт бой көтереді

Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданына сапары барысында аудан орталығында салынып жатқан мешіт кешені құрылысымен танысты.

Бұл ғимаратты салу жұмысы биыл наурызда басталған болатын. Бас имам мешіттің құрылыс шаруаларымен таныса келе: «Шекара шебіндегі ауданда әрі халықаралық маңызды күре жолдың бойына осындай ірі мешіт және қайырымдылық мекемесінің кешені салынып жатқаны қуантарлық іс. Мешіт кешені болашақта ауданның рухани орталығына айналады», – деп атап өтіп, құрылысшылармен және демеушілермен кездесіп, пікірлесті.

Шемонаиха ауданының бас имаы Ибрагим Еркінбайұлы құрылыс жұмысын үнемі бақылап отырғанын айта келе, жұмыс жоспарлаған уақытта аяқталатынын жеткізді.

Бас имам сонымен қатар ғимараттың сапасы аса маңызды екенін ескертіп, басты назарда ұстауды тапсырды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Sońǵylar

Musylman dіnı kúntіzbesі