Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

09 May 2024

1 Zýlqaǵda 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: Әйелдерге арналған семинар өтті

nurgasyr.kz 23.09.2021 1811 0 пікір
Ақтөбе: Әйелдерге арналған семинар өтті

ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің өңірдегі жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламов пен ҚМДБ Әйел-қыздар секторының облыстағы жетекшісі Кенжегүл Кошкарованың ұйымдастыруымен Ақтөбедегі әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығында «Адалдан болсын асыңыз» тақырыбында семинар өтті.

Семинарды «Халал Даму» мекемесінің бас сарапшысы, технолог Айжан Омарова жүргізіп, адал ас тұтыну қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе екеніне тоқталды. Сондай-ақ технолог адал ас ішудің Исламдағы орны мен жалпы адамның саулығына пайдасына тоқталды.

Одан бөлек Айжан Омарова күнделікті өмірімізде кездесетін тұтыну заттары мен азық-түлікте кездесетін тағамдық қоспалар мен күмәнді әрі харам заттардың ара жігін ажыратып көрсетті.

Шара соңында қыз-келіншектер қойған сұрақтарға жауап берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру