Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: Дендросаябақта 205 түп көшет отырғызылды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 11.03.2021 2812 0 пікір
Шымкент: Дендросаябақта 205 түп көшет отырғызылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы аясында ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен қалалық Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта «Ағаш – ел дәулеті, жер сәулеті» атты ағаш көшетін отырғызу шарасы өтті.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, Жастар ісі секторы жетекшісі Анарғали Керімбеков және қалалық Абай, әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының имамдары, ерікті жастар тобы қатысты.

Шара барысында дендросаябаққа белгіленген арнайы орынға жоғары сұрыпты 205 түп ағаш көшеті отырзығызды. «Бұл шара Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолға алыуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өткізіліп отыр. Ағаш көшетін отырғызу шарасы мешіттер мен өзге де орындарда үш ай бойы жалғасады» деді Бақдәулет Абдрахманов.

Айта кетейік, Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы 1979 жылы 173 гектар аумақта құрылған болатын. Саябақтың құрылуына мемлекет қайреткері Асанбай Асқаров мұрындық болды. Саябақтың қазіргі уақыттағы – 117 гектар. Мұнда бүгінде 500 мыңнан астам ағаш және 1 миллионнан астам шөптесін өсімдіктер бар.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру