Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: Облыс имамдарының жиыны өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 04.03.2021 2538 0 пікір
Қызылорда: Облыс имамдарының жиыны өтті

ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қала және аудан мешіттері бас имамдарының кеңейтілген жиыны өтті.

Облыстық мешітте өткен жиынға аймақтың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы басшылық етіп, күн тәртібіндегі мәселелерді атап өтті.

ҚМДБ Жарғысына өзгеріс енуіне байланысты өңірдегі мешіттердің тіркеу құжаттарын жаңарту, мешіттердің жұма намазына дайындығын күшейту, санитарлық талаптардың қатаң сақталуы, жат ағым өкілдерімен күрес жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Бас имам сондай-ақ, жеті бағыт бойынша жүйелі жұмыс атқарылуы, айлық есептердің уақытылы жүргізілуі, жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы уағыз-насихат жұмыстарын күшейту, жамағатпен байланысты нығайту секілді мәселелерге тоқталып, нәтижелі жұмыс атқарылуын талап етті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру