Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: РАНТ мүшесі түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 04.03.2021 2836 0 пікір
Ақтөбе: РАНТ мүшесі түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басында бекіткен жоспардағы уағыз-насихат бағытының негізгі жұмысының бірі РАНТ мүшелерінің түсіндіру жұмыстарын жандандыру болатын.

Осыған орай өткен аптада РАНТ мүшесі Қуаныш Әбішев Ақтөбе облысына арнайы іс-сапармен келді. Ең алдымен Мұғалжар ауданынан бастау алған түсіндіру жұмыстары аясында жергілікті АІІБ қызметкерлерімен кездесіп, «Теріс ағым мүшелерінің белгілері және оларды қалай ажыратамыз?» атты тақырып аясында лекция өткізді. Одан кейін жергілікті жамағатқа «Сахих хадис дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз?» тақырыбында жалпы кездесу өткізіп, хадис ғылымының күрделі әрі маңызды мәселелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Жамағатпен жекелей кездесу өткізіп, дәстүрлі бағытқа оңалту бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Кешке құптан намазы уақытында «Бірлігі жарасқан жамағат» атты тақырыпта мешіт жамағатымен дастарқанда сұхбат құрып, сұрақтарына жауап берді.

Сапарын Темір ауданында жалғастырған РАНТ мүшесі Қуаныш Тоқсанбайұлы Шұбарқұдық локомотив депосы қызметкерлерімен жүздесіп, Ислам дінінің кемелдігі турасында сөз қозғады. Артынша Жақсымай ауылындағы Шұбарқұдық кәсіпшілігі мешітіне жұма намазына жиналған жамағатпен кездесті. Құптан намазы уақытында қазіргі қоғамдағы мұсылман мінез-құлығының маңыздылығы турасында әсерлі уағыз айтты. Сондай-ақ аудандық Жастар саясаты және дін істері орталығының «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына «Бала тәрбиесі» тақырыбында сұхбат берді.

Қорыта келгенде РАНТ мүшесі Қуаныш Әбішевтің 7 жалпы кездесуінде 144 адам қамтылды. Еске сала кетсек, ақпан айында жергілікті РАНТ мүшелері Әбдімүтәлі Дәуренбеков және Нұрлыбек Күзенбаевтың түсіндіру жұмыстары нәтижесінде жалпы саны 7 онлайн уағыз-дәрісі өткізіліп, 1765 қаралым болды. 4 сұхбат өткізіліп, 2 мақала сайтқа шықты. «Иман» журналына 1 мақала жарық көрді. YouTube каналына 6 видеоуағыз шығып, 1906 қаралым жинады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру