Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ПАНДЕМИЯ ҚҰРБАНДАРЫН ҮНСІЗ ЕСКЕ АЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

ҚР Президентінің ресми сайты akorda.kz 13.07.2020 3143 0 пікір
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ПАНДЕМИЯ ҚҰРБАНДАРЫН ҮНСІЗ ЕСКЕ АЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысының Өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленген болатын. Осыған орай түнгі сағат 00:00-ден бастап еліміздегі барлық Мемлекеттік Ту төмен түсірілді.

Ал бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12:00-де республика бойынша коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды.

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алды. Сонымен қатар рәсімге Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, Президент Кеңсесінің бастығы Нұрлан Онжанов, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысты.

Індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру