Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: Наиб имам мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 01.07.2020 2940 0 пікір
Шымкент: Наиб имам мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты

Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров Абай ауданындағы Ақжар елді мекеніне «Мейірман» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысу үшін  арнайы барды.

Кездесу аясында мешіттің бас имамы Дәурен қажы Тасқараев атқарылған жұмыстары туралы қысқаша баяндады. Аталмыш мешіт ауласына тал-теректер мен гүл көшеттері отырғызылып абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Бұған қоса, демеушілердің көмегімен мешіттің дәретханасы жаңадан салынып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, наиб имам Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың берген тапсырмаларын жеткізді. Оның ішінде індет кезінде санитарлық талаптарды сақтау, жат ағым мүшелерімен жеке және жалпы кездесулер мен уағыз-насихат жұмыстарын күшейтуді және ұдайы мешіттердің тазылығына назар аудару т.б.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру