Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: Дәрі-дәрмек сатып алуға көмектесті

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 30.06.2020 2658 0 пікір
Шымкент: Дәрі-дәрмек сатып алуға көмектесті

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің игі бастамасы аясында  Шымкент орталық мешіті мен қалалық «Зекет» қоры  «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасын өткізді.

Төтенше жағдай кезінде мешіттерде қызмет бабында жүріп науқастанып, ыстығы көтеріліп, ауырып қалған имамдарға рухани һәм материалдық қолдау көрсетілді.

Шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев, Қажылық бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы,  Жастар секторы жетекшісі Анарғали Керімбеков қатысып,  үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірді.  

Науқастанып қалған 17 діни қызметкерлердің еміне дәрі-дәрмек сатып алу үшін арнайы қаржы үлестірілді. Алладан амандық, жұртымызға тыныштық тілейміз.  

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру