Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Түркістан: 11 отбасыға көмек берілді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 29.06.2020 2652 0 пікір
Түркістан: 11 отбасыға көмек берілді

Имамдардың ұйытқы болуымен мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттыру, жақсылыққа жұмылдыру жалғасып келеді. Нәтижесінде қаншама қиналған отбасылар шарапатын көріп жатыр. Жамағаттың жылуы баспаналы болуға, тұрмысты түзеуге, азықсыз қалмауға жұмсалады.

Сондай жәрдемнің бірі шардаралық көпбалалы отбасыға да жетті. Оларға жаңадан салып жатқан үйдің шатырын жабуға қаржылай көмек көрсетілді. Орталық мешіт жамағатының атынан аудан имамы Асылхан Данияров 175 мың теңге қолма-қол жеткізіп берді.

Сондай-ақ, жамағат Талғат Болаттың ұйымдастыруымен "Өтеғұл" шағын-ауданының тұрғындары қайырымдылық шарасын атқарды. Асыраушысынан айырылған, тұрмысы төмен, кембағал мүшесі бар 10 отбасыға азық-түлік пен қаражат үлестірілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру