Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Маңғыстау: Зағип жанға көмек берді

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі 03.06.2020 2831 0 пікір
Маңғыстау: Зағип жанға көмек берді

Тағдырдың қиын сынағына ұшырап, қос жанарынан айырылған маңғыстаулық Дариға Дауылбаева ем-шарасына байланысты баспанасын сатып, уақытша баспана жалдап күнелтіп жүр.

Жақында Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің қызметкері Әбдурахман Қошқаров Д.Дауылбаеваның хәл-жағдайын білуге барады. Кез келген жанның ет жүрегін елжіретпей қоймайтын Дариғаның жағдайына бей-жай қарай алмай, әлеуметтік желілерге таратуға рұқсат алады. Бас аяғы 4-5 күн ішінде 8 000 000 астам қаражат жиналды.

«Алдағы күндері Түркия еліне барып ота жасатуға бел буып отыр. Дариға қарындасымыз – төрт баланың анасы. Мұндай қомақты қаражатты жинап берген барша жандарға Дариғаның айтар алғысы шексіз. Маңғыстау спортшылары, өнер саласының мамандары, дін қызметкерлері және бұқара халықтың қолдауымен жиналған қаражат сертификатын тапсырып отырмыз» деді Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы.

Науқастың үйіне Маңғыстау бокс клубының директоры Ердос Үсенұлы, бокстан Азия чемпионы Берік Дүйсенұлы да арнайы барып, Д.Дауылбаеваға тез сауығып кетуін тілеп, дұға жасады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру