Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БҚО: 231-ші баспананың кілті табысталды

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 03.06.2020 2629 0 пікір
БҚО: 231-ші баспананың кілті табысталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында БҚО, Теректі ауданының Еңбек ауылынан бірінші топ мүгедегі Аманжан Есенжановқа 231-ші баспананың кілті табысталды.

Игілікті шараға ҚМДБ-ның жанындағы «Зекет» қорының жетекшісі, БҚО облыстық орталық мешітінің наиб имамы Самат Әлібаев, Теректі халқымен бірге аудан мешіті және «Бірлік» қоғамдық бірлестігі мен жеке кәсіпкерлердің ұйытқы болуымен жүзеге асырылды.

Пәтер кілтін табыстауға Самат Қанатқалиұлы арнайы келіп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін айтып, жаңа қонысымен құттықтай отырып, барша қол ұшын созған азаматтарға алғысын білдірді.

Баспаналы болған Аманжан бауырымыздың жаңа қонысында ұйымдастырушылар мен тілекші қауым дастарханнан дәм татып, жылы лебіздерін білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру