Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ 225 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТТЫ (ФОТО)

muslim.kz 28.04.2020 3933 0 пікір
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ 225 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТТЫ (ФОТО)

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қайырымдылық шарасы болып өтті. Елордамыздағы тұрмысы төмен 225 отбасыға қуаныш сыйлаған игі шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірді. Рамазан – қайырымдылық айы екенін тілге тиек еткен Бас мүфти бүгінгі шараға оң бағасын беріп, жалғасты болуын тіледі.

Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі қайырымдылық шараларына үнемі қолдау көрсетіп, демеушілік жасап келе жатқан «Gentlemen`s club» белсенділер тобының мүшелері және әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов пен «Синергия» университетінің президенті Бауыржан Қасымбергебаев та қайырымдылық шарасынан басынан табылып, қасиетті айдағы сауапты іске өз үлестерін қосты.

Айта кетейік, азық-түлік қоры салынған қайырымдылық пакеттерін тізімдегі жандардың тұрғылықты мекенжайына жеткізіп беру жұмыстарын өкілдік қызметкерлері мен Бас мешіт жанынан құрылған «Sharapat» еріктілер орталығының мүшелері ұйымдастырып келеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру