Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Түркістан: Жүздеген отбасыға көмек беріледі

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 31.03.2020 2305 0 пікір
Түркістан: Жүздеген отбасыға көмек беріледі

«Жүрек жылуы» акциясының аясында Түркістан облысы бойынша мешіттерден көмек үзіліп жатқан жоқ. Карантин басталғалы Түркістан, Кентау қалалары мен Жетісай, Сайрам, Созақ, Келес, Ордабасы, Түлкібас, Төлеби, Отырар, Сарыағаш аудандарының әрқайсысында 70-80 отбасыдан қайырымдылық шарасының шарапатын көрді.

Жетісай аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен екі күннің бірінде 25 мұқтажға жәрдем берілуде. Күні бүгінге 125 тұрмысы төмен, асыраушысынан айрылған, көп балалы отбасыға азық-түлік үлестірілді.

Бұл жұмыстар жалғасады. Имамдар тобы құрылып, кәсіпкерлер мен саудагерлермен кездесіп, қайырымдылық шараларынан шет қалмауға, сондай-ақ, азық-түлік бағасын көтермеуге шақырып жүр. Облыс имамдары қиындықта жомарттық танытып жатқан азаматтарға Бас Мүфтидің атынан ризашылықтарын білдіреді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру