Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Жамбылда 86 отбасыға қайырымдылық жасалды (ВИДЕО)

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 31.03.2020 2740 0 пікір
Жамбылда 86 отбасыға қайырымдылық жасалды (ВИДЕО)

Елімізде пандемияға байланысты Қостанай облысынан басқа барлық облыстарда карантин жағдайы енгізілуде. Осыған байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуіне орай  Жамбыл облысының рухани жүрегі орталық «Һибатулла Тарази» мешіті мен Тараз қаласының еріктілері бірігіп, көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, жұмыссыз қалған жанұяларға көмек ретінде азық-түлік үлестірді.

Карантинге байланысты өткен қайырымдылық шарасында жалпы 86 пакет жасалды. Игі іске мұрындық болып, белсене бел буып кіріскен азаматтар қажеттіліктерді әр шаңыраққа өздері жеткізді. 

Айта кетсек, қайырымдылық қалтасында 5 кг ұн, күріш, макарон, шай, май, қант, колбаса, қара құмық, бұршақ, шаруашылық заттар, тіпті дәретхана қағазына дейін қамылған. 1 пакет 7-8 мың көлеміндегі қаражатты құрайды.  

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру