Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент имамдары Бас мүфти үндеуін жүзеге асырды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 24.03.2020 3101 0 пікір
Шымкент имамдары Бас мүфти үндеуін жүзеге асырды

Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкнт орталық мешітінде әлемге дүрбелең салған Сovid-2019 жұқпалы індетіне қатысты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің жасаған үндеуін жүзеге асыру өңірімізде жалғасын тауып, мешіттерімізде Құран хатым етіліп, халқымыздың амандығы мен  елдің тыныштығы үшін дұға  жасалды.

Арнайы шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев, Қайрат Ерғазиев,  Ахметжан Керімбек, Жансейт Қалменов, Кәлімжан қары Садықов, Мұхамеджан Естеміров және  Абай, әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының бас имамдары және т.б. белгілі ұстаздар қатысты.

Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша 106 мешіттердегі имамдарымыз, қари-хафиздарымыз үздіксіз құран оқып,  30 рет Құран хатым етіп, елдің амандығы үшін бата тілек жасауда.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру