Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Байқау жүлдегерлері марапатталды

http://sunna.kz/ 13.12.2019 2557 0 пікір
Байқау жүлдегерлері марапатталды

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтан қаласының «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Ардақты Алла елшісі Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымыздың туған Мәуліт айының құрметіне орай ұйымдастырылған «Адамзаттың ардақтысы» атты мүшайра мен үздік мәнерлеп оқу байқауының қорытындысы шыққан болатын.

Бүгін жұма намазының алдында «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Бауыржан Есмахан жүлдегерлер мен жеңімпаздарды диплом және қаржылай сыйлықтармен марапаттады. Бас имам ақындарға: «Жаратқан Иеміз сіздерге бұл дүние мен ақыретте абырой беріп, отбасыңызға амандық, адал кәсібіңізге берекесін жаудырсын деп тілейміз! Қаламыңыз мұқалмасын, жазарыңыз көп болсын!» деп, ал мәнерлеп оқушыларға оқуда озат, құрбы-құрдастарыңыздың арасында үлгі болатын азамат болуыңызға тілектестігімізді білдіреміз» деген батасын берді.

«Үздік мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша:

І-орын – Фатима Серікбол (30 мың теңге және диплом)

ІІ-орын – Мұхтар Бақытхан, Амира Мұқанғали (20 мың теңге және диплом)

ІІІ-орын – Мұқанғали Мәдина, Ислам Бақытхан (10 мың теңге және диплом)

Ынталандырулар – Архат Қасымов, Мәриям Мұқанғали (5 мың теңге және диплом)

«Үздік Мәуліт жыршысы» номинациясы бойынша:

І-орын – Рауан Хайдар (70 мың теңге және диплом)

ІІ-орын –  Мыңжан Байжанин (50 мың теңге және диплом)

ІІІ-орын  – Дариға Бақберген (30 мың теңге және диплом)

Ынталандырулар – Қуат Қабдолда, Мәулен Әбілқайыр, Бауыржан Құрманқұлов (10 мың теңге және диплом)

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру