Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Риддер: Мәдениет сарайындағы мәнді шара

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 09.12.2019 2192 0 пікір
Риддер: Мәдениет сарайындағы мәнді шара

Риддер қалаcындағы Дінмұхамед Қонаев мешітінің ұйымдастырумен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрметіне Мәуліт рухани кеші өтті. Риддер қалалық мәдениет сарайына халық лық толды.

Рухани шараны ашқан Дінмұхамед Қонаев мешітінің бас имамы Нұрислам Жақсымбет жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтады.

«Асыға күткен Мәуліт айымен жүздесіп отырмыз. Бұл айда мұсылман үмбеті Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сан мың салауат, мадақ айтып, шүкірлік етіп, ғибратты істер жасап, сауапқа бөленеді. Мерекеге атсалысқан жамағаттарға, жиналған қауымға алғыс айтамын» деді бас имам.

Тағылым кеші Алла елшісіне салауатпен басталып, Құран бағышталып, Мәуліт оқылды. Сонымен қатар Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен өнегелі насихат айтылды. Мерекеге облысқа танымал дәстүрлі әншілер қатысып, рухани әндерден шашу шашып, мерекені тамашалауға келген көпшілікті жырға бөледі. Сондай-ақ тәлімдік маңызы бар қойылым көрсетілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру