Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Семей: Кіші қажылыққа жолдама берді

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 07.12.2019 3135 0 пікір
Семей: Кіші қажылыққа жолдама берді

ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша бас имамы Асқар Әбітайұлы Мәуліт кешінде Жастар жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесін жариялады.

Бас имам Жастар ісі тобына жауапты Семей қалалық Тас мешітінің наиб имамы Айдын Жүнісбекке алғыс білдірді. Сондай-ақ Асқар Әбітайұлы Семей қалалық Жоламан ақ мешітінің наиб имамы Қанатбек Адақұлына Жастар жылының жүлдесі – кіші қажылық сертификатын табыстады. Бұл шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Айта кетейік, Жастар жылы аясында Семей өңіріндегі мешіттерде жас мамандар, жаңадан медресе бітірген жас имамдар мен ұстаздардың атсалысуымен бір жылдың ішінде 45 қайырымдылық, 20-дан аса спорт, мәдени шаралары және 15-ке жуық ғылым мен білім сайыстары жүргізілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру