Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Талғардағы тағылымды шара

Талғар аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі 30.11.2019 2762 0 пікір
Талғардағы тағылымды шара

Алматы облысы Талғар аудандық «Биеке батыр» мешітінде бас имам Мұсабек қажы Тағанұлының ұйымдастыруымен Мәуліт кеші өтті.

«Әз Пайғамбар хақ жолы» тақырыбы аясында өткен игі шара қасиетті Құран Кәрім сүрелерін оқумен басталды. Сондай-ақ Мәуліт жыры оқылды. Мерекелік кешке арнайы келген облыстың бас имамы Қуаныш қажы Бақытбекұлы жамағатты Мәуліт айымен құттықтап, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмір жолынан уағыз айтты.

Келген меймандар мерекеге орай арнайы әзірленген ақ дастарқаннан дәм татып, керемет сахналық қойылымдарды тамашап, ерекше әсерге бөленіп, көздеріне жас алды.

Үрдіске айналған игі шара ауданға қарасты басқа да мешіттерде жалғасын табатын болады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру