Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Қостанай: Студенттермен жүздесті

Қостанай облысы бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 21.11.2019 2817 0 пікір
Қостанай: Студенттермен жүздесті

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде Нұр-Сұлтан қаласында  болып өткен ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» құжаттамасына байланысты кездесу өтті.

Оған Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті   Аграрлық-техникалық институтының студенттері қатысты. Аталған жоғары оқу орнының профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Жақып қозғалған маңызды тақырыпты басшылыққа ала отырып, Отан, бірлік, ұлтты сүю жөнінде әңгімеледі.

Кездесуге жиналған жастар көкейінде жүрген сауалын қойып, нақты жауап алды. Басқосуда шаһарымыздағы «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Дархан Қосылбаев «Жеті рухани қазық»  тұжырымдамасын жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ, оның әріптесі Мейрамбек Жетесов те кездесудің өз деңгейінде өтуіне белсене атсалысты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру