Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Бірінші наиб мүфти дін жанашырымен кездесті (ФОТО)

muslim.kz 07.11.2019 3409 0 пікір
Бірінші наиб мүфти дін жанашырымен кездесті (ФОТО)

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде отандық кәсіпкер Дулат Тұрсынұлын Қабылдады. Бүгінде кәсібін өрге домалатқан Дулат Тұрсынұлының еліміздің дін саласына демеушілік жасап, қолдау танытып келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болған. Қажырлы еңбегінің арқасында бүгінде TAS group компаниялар тобының құрылтайшысына айналған Дулат Тастекеевтің қайырымдылық шараларына қолдау көрсетумен айналысатын Assyltas қоры жемісті еңбек етіп келеді.

Кәсіпкердің қолдауымен жақында Семей қаласындағы ұзақ уақыттан бері тоқтап тұрған Орталық мешіт құрылысы жанданып, жергілікті халықтың қуанышы көбейе түскен еді. Бұдан бөлек, екі ауылға мешіт тұрғызып берген аталмыш қордың қайырымдылық бағытындағы еңбектері жалғасып кете береді.

Асыл дінімізде қолға біткен байлықтың басқаларға шарапатын тигізіп, қайырымдылыққа жұмсаудың маңыздылығын атап өткен Наурызбай қажы Тағанұлы кездесу барысында өз ілтипатын білдіріп, Дулат Тұрсынұлына ізгі лебізін жеткізді. Қайырымдылық шараларына қолдау көрсетіп, дінге танытқан жанашырлығы үшін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың арнайы «Алғыс хатын» табыстады.


Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру