Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Жәһәннамға отын болатын әйелдер. Мутанаммисалар (Шырайлы көріну мақсатымен қастарын теруші әйелдер) (4)

16.04.2014 10491 0 пікір

Шырайлы, әдемі көріну үшін қас теріп, әрленіп жүру де шайтанның азғыруымен болатын істердің қатарына жатады. Мұны да шайтан кіретін есіктердің бірі деп бағалау керек.

Бұған қарап Ислам сұлулық дұшпаны деген теріс пікірге баруға болмайды. Керісінше, Ислам-сұлулыққа, тазалыққа шақырушы дін. Сұлулық туралы Пайғамбарымыз, сәллә Аллаһу алейһи уә сәлләм, былай деген:

«Аллаһ сұлу және Ол сұлулықты сүйеді» және «Дін тазалыққа құрылған».

Ислам адамзатқа қолайлы, барлық уақытқа сәйкес келетін, барлық халықтың тұтынуына да икемді, бұзықшылықтан қайтарып, әдептілікке тәрбиелейді, түзу жолға салады. Сондықтан шариат бізге харам түктерден тазаланып жүруді бұйырған. Әйел де, еркек те қолтығындағы және басқа жерлеріндегі түктерді оқтын-оқтын тазартып жүрулері керек. Бірақ бұзық ниетпен өзге еркектердің құмарлығын қоздыру үшін, кірпіктерін қайырып, терілерін тарттыру сияқты шайтани өнер Ислам әйелдеріне бұйырылмаған. Аллаһ Тағала адамды белгілі бір сұлу, әдемі бейнеде жаратты. Ендеше оны өзінше өзгертуге ешкімнің хақысы жоқ.

«Ол сондай Аллаһ сені жаратты. Толықтап теңестірді. Ол сені қалаған бейнеде құрастырды». (Инфитар 82:7-8)

«Ол сондай Аллаһ, жатырларда қалауынша бейнелейді. Одан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ол өте үстем, хикмет иесі». (Әли Имран 3:6)

А. М. Хаттаб

muftyat.kz

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру