Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қуат Қабдолда: Уақыпты тануға мүдделіміз!

25.01.2016 4845 0 пікір

Таяу арада Алматы қаласында орналасқан «Қожа Ахмет Яссауи білім және парасат» қоғамдық қорына барып қайттым. Қордың директоры Түркиядан келген қандасымыз Ахмет Яхшы мырза өзі басқарып отырған мекеме жөнінде мынадай мағлұматтар берді:

Қор 1999 жылдан бері елімізде жұмыс атқарып, негізінен екі бағытқа білім мен қайырымдылыққа бағытталған. ҚМДБ-мен келісім жасалып, «Үшқоңыр» қыздар медресесінің оқу процесі, тәлім-тәрбиелік жұмыстары мен әлеуметтік жағдайларын қамтамасыз етуді мойнына алған.

«Қожа Ахмет Яссауи білім және парасат» қоғамдық қорына негізінен еліміздің қайырымды азаматтары және сонымен бірге шетелдік қайырымдылық қорлары көмек беруде. Сондықтан қор білім жолындағы жастарға қолдау жасап және тұрмысы нашар отбасыларға киім-кешек, азық-түлік, көмір түсіріп берумен айналысады.

Ахмет мырза Түркияда қайырымдылықтың барлығын «уақып қорлары» жасайтынын және бұл мемлекеттің уақып тарихы мен тәжірибесі орасан зор екенін айтты. Төрт жылдан екі жарым миллион босқынға осы уақып қорлары жәрдем беріп отыр екен.

Түркиядағы ең үлкен уақып қоры –Түркия Дін Істері Басқармасына қарайтын «Түркия Дианет Уақыбы» болып табылады. Бұл уақып қоры Түркиядағы діни оқу орындарының әлеуметтік жағын шешу, қайырымдылық жасау жұмыстары, баспа, кітаппен айналысудың сыртында шетелдегі, атап айтқанда Европа, Таяу Шығыс, Африка, ТМД елдеріне де осыған ұқсас көмек жасауда. Сондай-ақ Әділет Басқармасына қарайтын білімге, денсаулыққа, мәдениетке, жетім мен жесірлерге, басқа да қайырымдылық түрлеріне арналған уақып қорлары да бар.Сонымен бірге қазіргі кезде заман талабына сай Қатар, Кувейт елдерінде уақыпты дамытудың жаңа технологияларының дамып келе жатқанына тоқталды.

Уақыптың ең негізгі шарты – сенімділік, шариғатта: «Шартул уаақиф канасул шаариғ» деген қағида бар, яғни: «Уақып етушінің шарты Алланың бұйрығындай», сондықтан мәселен бір адам өзінің уақып еткен мүлкін жетімдерге берілсін десе, міндетті түрде жетімдерге немесе Құран жаттау медресесіне атаса, сол арнаған жеріне берілу парыз. Әйтпесе «бағыш» (садақа) жасаған адамдардың уақыпқа деген сенімі азайып, ал оған қиянат жасаған адам «Алла мүлкіне» қол салған болып табылады.

Сөз соңында осы тақырыпты толығырақ ғылыми-тәжірибелік жағынан тану үшін Түркиядағы уақып қорларын, құрылымын, жүйесін зерттеуімізге кеңес беріп, өздері тарапынан көмек беруге ынталы екенін білдірді. Алла жолында істеп жатқан сауапты қызметтеріне Жаратқан Иеміз жар болсын!

Қуат Қабдолда
Исламтанушы, магистр

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру