Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 May 2024

20 Zýlqaǵda 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН АДАМНЫҢ АТЫНАН ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУҒА БОЛА МА?

muftyat.kz 21.06.2023 10091 0 пікір
ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН АДАМНЫҢ АТЫНАН ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУҒА БОЛА МА?

Дүниеден озған адамның атынан сауабын бағыштау ниетімен құрбандық шалуға болады. Бірақ құрбандық шалуға міндеттелген адам ең әуелі өз атынан құрбандық шалуы тиіс.

Әли (Алла оған разы болсын) екі құрбанның біреуін өзінің, екіншісін Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) атынан шалатын. Бұның себебін сұрағандарға ол: «Алла Елшісі кеудемде жаным бар кезде Өзі үшін құрбандық шалуымды өсиет етіп кетті»[1], – деп жауап берген екен.

Өлген адам үшін құрбандық шалғысы келген адам мұны құрбан айт күндері шалуы керек. Құрбандықтың етінен құрбандық шалған адамның өзі және басқалары да жесе болады.

Егер құрбандық шалуды қайтыс болған адам өсиет етсе, бұл құрбанның етін мұрагерлері жей алмайды, бәрін түгелдей кедейлерге таратып беру керек[2].

«Құрбандық пәтуалары» кітабынан


[1] Әбу Дәуіт, №2790.

[2] «Радду әл-мухтар», 9/472. Омар Насухи, «Илму әл-хәл», 395.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру