Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

10 May 2024

2 Zýlqaǵda 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Аттың тағасын есікке қағып қойсақ пайдасы тиеді ме?

23.07.2015 6678 0 пікір

Сөз тапқанға қолқа жоқ. 

Түркияның әйгілі уағызшыларының бірі Осман Демиржи (1927-2004) Кадыкөй мешітінде уағыз айтып отырғанында, жамағаттың ішінен бір кісі: "Ұстаз! Аттың тағасын есікке қағып қойсақ пайдасы тиеді ме, береке әкеле ме?",-деп сұрайды. 

Ұстаз: "Еш пайдасы тиеді деп ойламаймын. Себебі тағаланған әрбір аттың аяғында әлгі сен айтып отырған тағаның төртеуі бар. Пайдасын қайдам, әйтеуір ат таңның атысы күннің батысы қамшы жейді де жүреді",-деген екен.
Аударған: Бауыржан Әлиұлы

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру