Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Періштелер ұялған сахаба

02.02.2015 6028 0 пікір

Төрт халифаның бірі, ардақты сахаба хазіреті Осман (р.а.) жайында Айша (р.а.) анамыздан мынадай хабар жеткізіледі:

“Бір күні Алланың Елшісі (с.ғ.с.) үстіне жамылғысын жамылып демалып жатқан кезде Әбу Бәкір (р.а.) келіп, үйге кіруге рұқсат сұрады. Расулаллаһ өзінің күйін өзгертпестен оған кіруге рұқсат берді. Ол сұрайтын нәрселерін сұрап болғаннан кейін шығып кетті.

Содан кейін Омар (р.а.) келді, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) және жағдайын еш өзгертпестен, оған рұқсат берді. Содан кейін Осман келіп рұқсат сұрағанда, Пайғамбарымыз тұрып, үсті-басын түзетті. Мұны байқаған Айша (р.а.) анамыз:

– Уа, Алланың Елшісі! Әбу Бәкір мен Омар келген кезде көп қозғалмадыңыз, Осман келгенде неге әбігерлендіңіз? – деп сұрағанда, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

– Өйткені, Осман – өте ұялшақ. Періштелердің ұялып, қысылған адамынан мен қалайша қысылмайын?”, – деген екен.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру