Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Сен сонда да...

10.11.2014 4829 0 пікір

Адамдар көбінесе қатыгездеу, қисынсыз және өзімшіл келеді. Сен сонда да оларды кешіре біл!

Ниетің адал болғанымен, адамдар сені өзімшіл және күмәнді деп кінәлайды. Сен сонда да адал ниетіңнен айырылма!

Жеңімпаз болсаң, жалған достар мен шын дұшпандар табарсың. Сен сонда да жеңімпаз болып қал!

Егер адал және таза жүректі болсаң, адамдар сені алдайды. Сен сонда дакөңіл тазалығыңнан айырылма!

Сенің өмір бойы жасағаныңды біреулер бір сәтте құртуы мүмкін. Сен сонда да жасай бер!

Шын тыныштықты тапсаң және бақытқа кенелсең, сені күндейтіндер болады. Сен сонда да бақытты бола бер!

Бүгінгі жақсылықтарың ертең-ақ ұмытылады. Сен сонда да жақсылық жасаған үстіне жаса!

Ізгілік атаулыдан қолыңнан келгеннің бәрін жаса. Үнемі ізгіліктің жолында бол! Жаратушы Алланың ізгілік жасаушыларды жақсы көретінін де еш ұмытпа!!!

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру