Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Адалдық

11.05.2014 5291 0 пікір

Бір жолы бір әйел сату үшін Әбу Ханифаға жібек киім әкелді. Әбу Ханифа бағасын сұрады. Әйел оның жүз дирхам тұратынын айтты. Әбу Ханифаның «Жоқ, бұл одан қымбат тұрады» - дегенде, әлгі әйел:

- Мені мазақтап тұрған жоқсыз ба? – деді.

- Жоқ, шындығы сол. Сенбесеңіз, біреуді  шақырып бағасын сұраңыз, - деді. Әйел жөн білетін біреуді шақырып, матаның қанша тұратынын сұрап білді.

Сөйтіп, өмірі ешкімнің аңғалдығын пайдаланбаған Әбу Ханифа матаны жүз емес бес жүз дирхамға сатып алады.

 Құдайберді Бағашар
"Тағылымы таразысы" кітабынан

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру