Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

САХАБА ЖАЗҒАН ҚҰРАННЫҢ ЦИФРЛЫҚ КӨШІРМЕСІ ЖАСАЛДЫ

thenationalnews.com 27.07.2022 1921 0 пікір
САХАБА ЖАЗҒАН ҚҰРАННЫҢ ЦИФРЛЫҚ КӨШІРМЕСІ ЖАСАЛДЫ

Жуырда іске қосылған «Metadee» цифрлық алаңы сирек коллекция бұйымы – тарихи маңызы зор Құранның қолжазбасын жарыққа шығарды. Бұл туралы thenationalnews.com сайты хабарлады.

Қасиетті кітаптың цифрлық көшірмесін Оксфорд университеті археология және өнер тарихының зерттеу зертханасы сертификаттады.

Бұл қолжазбаны пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабасы Зейд ибн Сабит әл-Ансари (Алла оған разы болсын) жазған. Ол Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеке хатшысы және түскен Құран аяттарын жазушысы болған. Қолжазбаның түпнұсқасы Швейцарияда сақтаулы.

Лондондық Metadee цифрлық алаңының негізін қалаушы және басқарушы директоры Дапали Шукланың айтуынша, кітаптың үшінші, төртінші және бесінші томдарының да цифрлық көшірмесі жасалмақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру