Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ТАЛАБА» ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТҮРКИЯДА СИМПОЗИУМ ӨТКІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.04.2021 2111 0 пікір
«ТАЛАБА» ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТҮРКИЯДА СИМПОЗИУМ ӨТКІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ-ның Түркиядағы «Талаба» қауымдастығының жетекшісі Тілепберген Жакиевтің ұйымдастыруымен Карабук университетінде «Бүгінгі күнгі діни мәселелер» атты қазақстандық исламтанушылардың симпозиумы өтті.

Симпозиумға Қазақстан Республикасының Түркиядағы өкілетті елшілігі мен шаһар әкімі Фуат Түрел, Карабук қаласының мүфтиі Иляс Иылмазтүрк, университет әкімшілігі мен студенттер қатысты. Іс-шара барысында қазақстандық және түркиялық магистрлер мен докторанттар баяндама жасады.

Жиын соңында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан Карабук қаласының әкіміне, шаһар мүфтиіне, сондай-ақ университет ректоры мен Исламтану факультетінің деканына алғыс хат табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұрағат