Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ИСЛАМ БІЛІМІ ЖАЙЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

muftyat.kz 27.11.2020 3993 0 пікір
ИСЛАМ БІЛІМІ ЖАЙЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Ресей мұсылмандары діни басқармасы мен Ресей Ислам университетінің ұйымдастыруымен «Еуразия кеңістігіндегі ислами білім берудің дамуы» атты халықаралық жиын өтті.

Онлайн форматта өткен басқосуға еліміз атынан ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков пен Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Қайрат Құрманбаев қатысты.

Жиын Еуразия кеңістігіндегі жетекші діни білім беру ұйымдары арасындағы ислами білімді жандандыруға және рухани-адамгершілік бағытындағы ағартушылық қызметті дамытуға бағытталды.

Басқосу барысында Смайыл Сейтбеков діни білім беру жүйесінің 4 кезеңнен тұратын қазақстандық моделіне кеңінен тоқталып, еліміздегі орта арнаулы және жоғары діни білім беретін оқу орындары туралы баяндама жасады.

Жиын соңында Еуразия кеңістігінде ислами білім беруді бірігіп дамыту жайлы қарар қабылданды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру