Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Анджелина Джоли рохинджа мұсылмандарының лагеріне барды

kaz.tengrinews.kz 07.02.2019 3114 0 пікір
Анджелина Джоли рохинджа мұсылмандарының лагеріне барды

Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли БҰҰ арнайы уәкілі ретінде Бангладештегі рохинджа мұсылмандарының лагерінде болып, көрші Мьянманы этникалық топтарға қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды, - деп хабарлайды Global News.

Киножұлдыз рохинджа халқының өкілдерімен жеке сөйлесті. Ол босқындармен, соның ішінде балалармен және зорлық құрбандарымен кездесіп, әңгімелесті.

"Әрдайым қудаланатын және азаматтығы жоқ отбасыларды көру өте өкінішті. Олардың өздерімен мал сияқты сөйлесетіндерін айтады. Сондықтан, Бангладеште рохинджа мұсылмандарына өмір сүру құқығын беріп, мойындағаны және олардың құжаттар мен жеке куәлік алып жатқанына қуаныштымын", - деді Джоли.
Актриса Мьянма билігіне рохинджа мұсылмандарының өз үйлеріне қайтып келуі үшін қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді сұрады: "Олар өз үйлеріне оралуына толық құқығы бар, бірақ олар өздерін қауіпсіз сезінуі керек, олардың қауіпсіздігіне нұқсан келмеуі тиіс". Джолидің сонда баруының басты мақсаттарының бірі - биыл Мьянмадан көшіп кеткен босқындарды қолдау мақсатында БҰҰ-ға 920 миллион доллар жинауға көмектесу. 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру