Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

04 نوفمبر 2024

3 Жұмадәл әууәл 1446 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КОРОНАВИРУСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫНА ОРАЙ ЖҰМА НАМАЗЫНА ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕСІ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 12.03.2020 101113 2 пікір

 

Құрметті жамағат!

Бүгінде әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирус көптеген елдерге тарап үлгерді. Вирусты жұқтырған адам саны артуда. Бұл дерт бізді де алаңдатып отыр. 

Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғаттағы зәрулік үкімін негізге ала отырып, коронавирустың жамағат арасында таралуының алдын алу шарасы ретінде жұма намазына байланысты мәлімдейді:

  • Жұма намазынан бұрын айтылатын 30 минуттық уағыз 20.03.2020 жылдан бастап уақытша тоқтатылады;
  • Намаз уақыты кіре сала азан айтылады, 4 ракағат сүннет өтеліп, жұма намазының 2 ракағат парызы қысқа сүремен оқылады;
  • Жұма намазының парызынан кейін оқылатын 4 рәкағат сүннетті үйде оқуға кеңес береміз;
  • Намаздан кейін тәсбих тартылмайды, Құран оқылмайды, имам қысқа дұға жасайды;
  • Намаздан кейін жамағат қол беріп «Жұма қабыл болсын» деп амандаспайды;
  • Мешітке бетперде (маска) киіп келу;
  • Намаздан кейін көп кідірмей мешіттен шығу;
  • Жұма намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
  • Жұма намазға денсаулығы жарамайтын қариялар, науқастар мен әйелдердің қатыспағаны абзал;
  • Ауа-райы қолайлы аймақтарда жұма намазын мешіт ауласында оқуға рұқсат.

Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Бұл мәлімдеме ағымдағы жылдың 13 наурызынан бастап күшіне енеді.

Пікірлер (2)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Марал | 17.03.2020 01:25

Ассалямугалейкум! Кудайы асы, садакаларда имамдар напакасын тауып бала шагасын асырап отир, айелдери болса бала кутуимен отир, осы тж байланысты оларга жалакыларын тусирема??? 

Dastan Nurulkas | 20.03.2020 09:49

Ассалаумалейкум, мен Жамбыл облысы,Жамбыл ауданынан едім. Бүгінгі жұма мүбәрәк болсын. Осы жұма намазына мешітке барып дұға қылсам болама

Администратор | 22.03.2020 04:27

Уағалейкумассалам! Мешітке баруға тыйым салынбады, бірақ жамағат болып намаз оқуды уақытша тоқтатты. НИетіңіз қабыл болсын!