Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айына

Күн
Сағат
Минут
Секунд

қалды

Қазір

04 مارس 2024

23 Шағбан 1445 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

БАС МҮФТИ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ – ЖЫЛДЫҢ ЕҢ АУҚЫМДЫ ІС-ШАРАСЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 01.11.2023 1166 0 пікір
БАС МҮФТИ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ – ЖЫЛДЫҢ ЕҢ АУҚЫМДЫ ІС-ШАРАСЫ

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұңғыш рет ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне орай өтіп жатқан І халықаралық Құран жарысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.

Республикалық бас мешітте басталған халықаралық іс-шараның ашылуында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңіз жақсы білесіздер, біз жыл басында дін қызметкерлері үшін 2023 жылды діни салада «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жарияладық. Осы жыл аясында көптеген игі іс-шаралар жүзеге асты. Бүгінгі халықаралық Құран жарысы осы жыл аясында атқарылған ең ауқымды жұмыс болмақ. Алла Тағала қазақ даласын, осынау қасиетті мекенде өмір сүріп жатқан баршамыздың жүрегімізді Құран нұрымен нұрландырып, жақсылығы мен берекетін жаудырғай. Әмин!» деді.

Айта кетсек, Құран жарысы ертең де жалғасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру