Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.09.2023 1730 0 пікір
БАС МҮФТИ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласына барған сапарында өңір басшысы Ғабит Сыздықбековпен кездесті.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ғабит Әбдімажидұлын жаңа қызметімен құттықтап, игі бастамаларына сәттілік тіледі. Кездесуде өңірдің діни ахуалы сөз болып, имамдардың білімі мен біліктілігін арттырудың маңызы талқыланды. Сонымен қатар дін мен дәстүр сабақтастығын жаңғырту, жастарды деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру жайы сөз болды. Қала әкімі өз сөзінде Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген Бас мүфтидің игі істеріне сәттілік тіледі.

Айта кетсек, бүгінде Шымкент қаласында 90 мешіт бар. Онда 300-ге жуық дін қызметкері жұмыс істейді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру