Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ 663-БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 09.06.2023 2048 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ 663-БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына сапары барысында «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 663-баспана кілтін табыстау рәсіміне қатысты. 

Игі іс-шарада Бас мүфти Түрксіб ауданы «Қайрат» мешітінің ұстазы Бауыржан Бекжановқа қызметтік баспана кілтін табыстады. 

«Абай атамыз «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген. Алла үйінде діни білім беріп, жамағаттың діни сауатын ашуға қосқан сүбелі үлесіңіз үшін алғыс айтамын. Жаратқан жанұяңызға жар болсын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Игі шараға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы, имамдар мен аудан жамағаты, ақсақалдар қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру