Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ АҚШ ЕЛШІСІ ДЭНИЕЛ РОЗЕНБЛЮММЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 01.02.2023 2691 0 пікір
БАС МҮФТИ АҚШ ЕЛШІСІ ДЭНИЕЛ РОЗЕНБЛЮММЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Америка Құрама Штаттарының еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен өз өтініші бойынша кездесті.

Кездесуде Бас мүфти: «Ислам діні өзге сенім өкілдерімен татулықта өмір сүруді үгіттейді. Зайырлы мемлекетіміз де әрдайым түрлі конфессиялардың жақсы қарым-қатынаста болуын басты назарда ұстайды. Қоғамға қажетті игі іс-шараларда барлық дін өкілдері бас қосып, ортақ іске белсене қатысып келеді. Бұл ретте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің рөлін айрықша атап өту қажет» деді.

ҚМДБ Төрағасы Ислам бейбітшілік пен бірліктің діні екенін, бүгінгі таңда жер бетіне тыныштық пен тұрақтылық орнатудың маңызын айрықша атап өтті. Сонымен қатар халықты ізгілік пен бірлікке үндеп келе жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолға алған бастамалары мен игі жұмыстары жайлы әңгімелеп берді.

АҚШ Елшісі Дэниел Розенблюм Наурызбай қажы Тағанұлына уақыт бөліп, арнайы қабылдағаны үшін алғысын білдірді. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру