Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ШЫМКЕНТ» МЕДРЕСЕСІНІҢ 10 ТҮЛЕГІ ҮЗДІК АТАНДЫ

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі muftyat.kz 05.07.2022 2985 0 пікір
«ШЫМКЕНТ» МЕДРЕСЕСІНІҢ 10 ТҮЛЕГІ ҮЗДІК АТАНДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент» медресе-колледжінің 2022 жылғы бітіруші түлектеріне диплом табыстау шарасы ұйымдастырылды.

Салтанатты рәсімге Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, наиб имам Мұхамеджан Естеміров арнайы қатысты.

Алдымен шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы сәлемін жеткізіп, аталмыш оқу ордасының басшылығы мен ұстаздар қауымына алғыс айтты. Сондай-ақ болашақ дін қызметкерлері саналатын түлектерге сәттілік тіліп, диплом табыстады.   

Айта кетейік, биылғы жылы аталмыш оқу ордасын 68 шәкірт тәмамдады. Осы шәкірттер арысында 10 шәкірт үздік қызыл диплом иегері атанды.  

Игі шара аясында «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай жыл бойы талмай шәкірттерді ілім нәрімен сусындатқан барша ұстазға алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру