Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕШІТ-МЕДРЕСЕСІ ЖАНЫНАН МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.05.2022 2194 0 пікір
«ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕШІТ-МЕДРЕСЕСІ ЖАНЫНАН МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Тараз қаласына жасаған сапары барысында «Һибатулла Тарази» мешіт-медресесі жанындағы «Дін мен дәстүр» мұражайының ашылу салтанатына қатысты.

Наурызбай қажы Тағанұлы дінімізден тамыр алған дәстүрімізді насихаттау, мешітте өтетін дәстүрлі іс-шараларды атқару мақсатында жасақталған мұражайдың лентасын қиды.

Тараз қалалық орталық мешітіне ат басын бұрып келген ҚМДБ делегациясын Жамбыл облыстық «Әжелер алқасы» ақ дастарқан жайып қарсы алды. Мұражайға оюлап сәнделген екі киіз үй, тігін мәшинесі, ертоқым, ескі қолжазба кітаптар, қылыш, астау сынды жәдігерлер қойылған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру