Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ТАРАЗДАН ШЫҚҚАН ДІН ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.05.2022 1009 0 пікір
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ТАРАЗДАН ШЫҚҚАН ДІН ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Тараз қаласында өткен «Тараздан шыққан діни тұлғалар. Профессор Насрулла Таразидің туғанына 100 жыл» халықаралық ғылыми-танымдық конференциясында Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның тарихшы ғалымдары онлайн және офлайн форматта қатысып, арнаулы баяндама жасады.

Атап айтар болсақ, конференцияда Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мұхаммед Шаххад әл-Жинди «Ислами білім жүйесін реформалау», осы университеттің Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Шамшәдин Керім «Мүбашшир Әбунасыр ат-Тарази – діни, саяси қайраткер», Өзбекстан халықаралық Ислам академиясының «Өзбек тілі және классикалық Шығыс әдебиеті» кафедрасының профессоры Афтандил Эркинов «Сейіт Махмұд Тарази шығармаларындағы поэтикалық образдар», Өзбекстанның Әбу Райхан Бируни атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері Филипп Хуснутдинов «Сейіт Махмұт Таразидің Құранды аудару және түсіндіру тарихы», Қырғыстандағы Ош мемлекеттік университеті дінтану факультеті деканының орынбасары Атабек Галмаматов «Һибатуллах ат-Тарази және оның еңбектері», Түркиядағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (ИРСИКА) директорының кеңесшісі, профессор Әшірбек Мүминов «Насрулла ат-Таразидің ИРСИКА-дағы ғылыми қызметі», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің деканы, PhD доктор Ықтияр Палтөре әНасрулла ат-Таразидің өмірі мен шығармашылығы» тақырыптарында мазмұнды баяндама жасады.

Сондай-ақ басқа да ғалымдар сөз сөйлеп, Тараздан шыққан дін тұлғаларын көпшілікке танытып, еңбектерін жайлы ой қозғады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру