Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ АЛМАТЫДА ӨТКЕН АУЫЗАШАРҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 30.04.2022 5431 0 пікір
БАС МҮФТИ АЛМАТЫДА ӨТКЕН АУЫЗАШАРҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айының соңғы күндерінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың ауызашар дастарқанына қатысты.

Зиялы қауым өкілдері, дін қызметкерлері мен әртүрлі сала мамандары құрметті қонақ болған рухани дастарқанда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ауызашар батасын жасап, Алматы жұртшылығын қасиетті Рамазан айымен құттықтап сөз сөйледі.

Өз кезегінде шаһар басшысы Ерболат Асқарбекұлы да зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлерін ораза айымен құттықтап, Бас мүфти бастамасымен қала имамдарының қасиетті айда атқарған игі істеріне алғысын білдірді.

Сондай-ақ әкім ауызашарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төрегелді Шарманов, Ұлттық ғылым акакдемиясының президенті Мұрат Жұрынұлы, Мемлекет және қоғам қайраткері Сәт Тоқпақбаев, жазушылар Смағұл Елубай мен Дулат Исабековтер сөз сөйлеп, қасиетті ай қадірін дәріптеді. Дәстүрлі ән мен терме орындалған ауызашар дастарқаны ғибратты көңіл-күймен әрленді. Ауызашар соңында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Құран аяттарын оқып, дұға жасады.

Айта кетейік, қала әкімінің ауызашар дастарқанына Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы бастаған 52 мешіттің имамдары қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру