Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ АЙЯ СОФИЯ МЕШІТІНДЕ ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 15.04.2022 5933 0 пікір
БАС МҮФТИ АЙЯ СОФИЯ МЕШІТІНДЕ ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Стамбұл қаласындағы атақты Айя София мешітінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Түркия президенті Қазақстан мұсылмандарын Рамазан айымен құттықтап, қазақ еліне ыстық сәлемін жеткізді.

Сондай-ақ бүгін Айя София мешітінде жұма намазы оқылды. Түркия Діни басқармасының төрағасы, профессор Али Ербаш жұма құтбасын оқып, зекеттің қадір-қасиеті жайлы уағыз айтты.

Айя София мешітінде өткен жұма намазына Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоған, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Аллашүкір Пашазаде, Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы Нуриддин Холикназаров қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру