Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ЖАМАҒАТҚА АУЫЗАШАР БЕРДІ (ФОТО)

muslim.kz 08.04.2022 4224 0 пікір
БАС МҮФТИ ЖАМАҒАТҚА АУЫЗАШАР БЕРДІ (ФОТО)

Кеше қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордалық жамағатқа ауызашар берді.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен ауызашар дастарханына құлшылық ордасының жамағаты мен мұқтаж отбасылар, діни қызметкерлер, ұстаздар мен студенттер қауымы қатысты.

Сауапты шара аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатқа ізгі тілегін білдіріп, қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Ұлық айдың қадір-қасиетін айтып, жамағатты жақсылыққа үндеді. Барша мұсылман қауымының тұтқан оразасы, жасаған ізгі амалдары қабыл болуын сұрап, жамағатпен бірге дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру