Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ КОНЬЯ МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 02.12.2021 2328 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ КОНЬЯ МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бүгін Конья мүфтилігінің басшысы Али Огемен арнайы кездесті.

Кездесуде Қазақстан мен Түркияның діни бағыттағы байланысы, Коньяда білім алып шәкірттер, осы өлкедегі діни оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнату мәселелері қозғалды.

Бас мүфти бастаған ҚМДБ делегациясын жылы қабылдаған Али Имамоглы діни саланы нығайтуға арналған меморандум бойынша жұмыс істеуге даяр екенін жеткізді.

Бүгінде Түркия бойынша Конья мешіттері санынан екінші орында. Қалада жалпы 3300 мешіт бар. Халық саны 2 миллион 500 мыңнан асады.

Айта кетейік, Бас мүфтидің сапары Стамбұл қаласында жалғасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру