Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАЖЫ БАЙРАМ УӘЛИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 01.12.2021 1028 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАЖЫ БАЙРАМ УӘЛИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасына сапары барысында халық арасында өзінің діндарлығы, әулиелігімен танылған Қажы Байрам Уәли кесенесін зиярат етіп, тарихи тұлға рухына Құран бағыштады.

Қажы Байрам Уәли (1389-1459) өз заманында ел арасында құрметтілердің бірі атанған. Медреседе ұстаздық қызмет еткен. Шәкірттерінің арасынан Ақшамседдин сынды ғұламалар шыққан. Ол – атақты Стамбұлды жаулап алған қолбасшы Мехмет Сұлтанның ұстазы.

Айта кетсек, Қажы Байрамның діни еңбектері негізінен шәкірттері арқылы тараған.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұрағат