Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ: «ҚАРА ЖҰМАНЫ» «ЖОМАРТ ЖҰМА» ДЕП ӨЗГЕРТСЕК...

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ muftyat.kz 25.11.2021 5055 2 пікір
БАС МҮФТИ: «ҚАРА ЖҰМАНЫ» «ЖОМАРТ ЖҰМА» ДЕП ӨЗГЕРТСЕК...

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі сауда орталықтарының иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды көпшілік орындарында жазылған «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуге шақырды.

«Кейінгі жылдары жұртты жаппай саудаға тартудың әдісі ретінде қолданылып жүрген «қара жұма» сөзі қоғамда талқыға түсуде. Дініміз бен дәстүрімізде бар «жұма» сөзі қасиетті, қастерлі ұғымды білдіреді. Мен осы ретте еліміздегі сауда орталықтарының иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуге шақырамын.

«Жомарт жұма» – жүрекке жылы тиетін, халқымыздың ұғымына да сай келетін сөз. Мұсылман қауымы үшін жұма қасиетті күн болғандықтан, «қара жұманы» «жомарт жұма» деп өзгертсек, бұл – Ислам дінін ұстанатын халқымызға көрсетілген құрмет болмақ. Осылайша, кәсіпкер азаматтарымыз ізгі ниетінің нәтижесінде «жомарт жұма» акциясы аясында қаншама жанның алғысына бөленер еді» делінген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуінде.

Пікірлер (2)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Бизаков Ерлан Серикович | 25.11.2021 12:00

Ассалямуалейкум баршаңызға! Өте дурыс және жаксы бастама! Жомарт Жума, Берекелі Жума, Жаксы Жума сиякты конилге жағымды сөздермен ауыстырган кандай жаксы!!!

Бизаков Ерлан Серикович | 25.11.2021 12:05

Ассаляму алейкум баршаңызға! Жомарт Жума, Берекелі Жума, Жаксы Жума сиякты конилге жағымды сөздермен ауыстырған кандай жаксы!!!